(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КАРАНТИНДІК ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ» ҚАРАҒАНДЫ ...

Предыдущая страница

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 31-Қ қаулысына

38 қосымша

 

 

Күндізгі режимде кеңес (отырыс) өткізу алгоритмі

 

Күндізгі режимде кеңес (отырыс) өткізу кезінде COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында мынадай шаралардың сақталуын қамтамасыз ету қажет:

1. Үй-жайларда желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі.

2. Ғимаратқа кіре берісте барлық кіріс тұлғаларға байланыссыз термометрия жүргізу, холлдарда антисептикалық құралдары бар санитайзерлер орнату және кеңеске (мәжіліске) қатысушылардың қолды антисептикалық құралдармен өңдеуін бақылау.

3. Кеңеске (отырысқа) қатысушыларды әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, залда отырғызу.

4. Бетпе-бет кеңеске (отырысқа) қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) алынған сәттен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен CAVID-19-да тестілеудің теріс нәтижесінің немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжаттың болуы;

2) отырыс (кеңес) өткізілетін үй-жайда болудың барлық кезеңі ішінде медициналық маскаларды пайдалану;

3) әлеуметтік қашықтықты сақтау;

4) қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа түрлерін болдырмау.

5. Сөз сөйлеу ұзақтығы 30 минуттан астам және қатысушылардың бірінші қатарынан кемінде 3 метр қашықтықта болған кезде спикерлерге қорғау құралдарын пайдаланбай сөз сөйлеуге жол беріледі.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 31-Қ қаулысына

39 қосымша

 

 

«Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі

 

1. Барлық жаңа қатысушылар үшін «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдер InfoKazakhstan.kz электрондық платформасы және InfoKazakhstan-мен біріктірілген басқа да платформалық шешімдер (Aitu, Halyk Bank және басқалары) арқылы беріледі.

2. InfoKazakhstan.kz сайты арқылы өтінім беру үшін субъекті (объекті):

1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегімен InfoKazakhstan.kz басты бетіне кіруі және ЭЦҚ арқылы пайдаланушының деректерін толтыруы қажет;

2) авторизациядан кейін «Менің өтінімдерім» қосымша беті автоматты түрде ашылады, онда «Жаңадан өтінім беру» батырмасын басу қажет;

3) «Жаңа өтінім» қосымша бетіне кіре отырып, кәсіпкер өтінім нысанын толтырады және QR-код алуға сұрау жібереді. QR-код алу алдында «Білім базасын» жүктеуі (кіру кезінде орналастыру үшін инфографика, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулылары, Ashyq жобасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және т.б.) және материалдармен танысуы қажет;

4) субъект (объект) рұқсат беру құжаттарының бар екенін және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайды. QR-код субъектіде мынадай рұқсат беру құжаттарының бірі болған кезде ғана беріледі:

- ашуға рұқсат/хабарлама (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама);

- қызметті қайта бастау бойынша санитариялық нормаларға сәйкестік актісі. Сәйкестік актісін алу тәртібі пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді;

5) QR-кодты алумен бір мезгілде бизнес субъектісі оның Ashyq жобасының қатысушыларына жататыны-жатпайтыны (осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жеңілдіктермен жұмыс істейді) немесе ерікті қатысушы туралы хабарлама алады.

3. QR-кодты алғаннан кейін пайдаланушының жеке кабинетінде «Күзетші режимін» (ЖСН немесе куәландырушы құжат бойынша келушінің мәртебесін тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарлама) алуға нұсқаулық көрінеді.

4. QR-кодты алғаннан кейін Ashyq жобасының қатысушысы тестілік режимде 1 апта жұмыс істейді.

5. Тестілік режимде 7 күн жұмыс істегеннен кейін «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпарат әкімдіктерге беріледі және бір күн ішінде әкімдіктің сайтында орналастырылады.

6. Жобаның ерікті қатысушылары туралы ақпарат әкімдіктердің сайтында да орналастырылады.

7. «Ashyq» жобасының ерікті қатысушыларына қатысты осы қаулыға 4-қосымшада көзделген жеңілдіктер қолданылмайды. Ерікті қатысушыларға:

1) қызметкерлердің (персоналдың) және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, COVID-19 таралуын барынша азайту үшін (меншік нысанына қарамастан) қызметіне рұқсат етілген;

2) оларға қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган немесе Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі қызметке қойылатын талаптар бар кез келген субъектілер (объектілер) жатқызылуы мүмкін.

8. Кәсіпкер «Ashyq» жобасының шарттарын сақтау және пайдаланушылық келісімнің шарттарын қабылдай отырып, шынайы деректерді ұсыну үшін өзінің жауапкершілігін түсінетіндігін растайды.

9. Кәсіпкер ұсынылған деректердің дұрыстығы үшін дербес жауапты болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың бар-жоғын тексеруді мониторингтік топ жүзеге асыруы мүмкін.

 

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.08.09. № 32-Қ Қаулысымен 40-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 31-Қ қаулысына

40 қосымша

 

 

«Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді

анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі

 

1. «Ashyq» жобасына енгізілген объектілерде кәсіпкерлік субъектісі келушілердің мәртебесін QR-код немесе ЖСН бойынша тексереді.

2. Кәсіпкерлік субъектісі объектіде «сары/қызыл» мәртебесі бар оқшаулануға жататын келушіні анықтаған кезде растайтын материалдарды («сары/қызыл» мәртебесі бар скриншот) ұсына отырып, мобильді байланыс, электрондық пошта, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдер арқылы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі - СЭБК АД) факті туралы хабарлайды/хабарлама береді.

3. Жобаға қатысатын объектілерге келушілерді және жұмыскерлерді (персоналды) жіберу олардың мәртебесін айқындау үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, объектіге кіреберісте көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады:

- «жасыл» мәртебе: «қауіпсіз» - деректер базасында алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен; COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған; соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан; COVID-19-ға қарсы вакцинацияға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері туралы анықтамасы бар адам ретінде белгіленген. Жүріп-тұруға шектеу жоқ;

- «көк» мәртебе: «бейтарап» - ПТР тестілеу нәтижесі жоқ, базада COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде деректер жоқ; вакцинацияланбаған. ПТР-тестілеу нәтижелерінің болуы міндетті болып табылатын жерлерден, сондай-ақ «жасыл» мәртебе міндетті болып табылатын жерлерден басқа жерлерде жүріп-тұруға шектеу жоқ;

- «сары» мәртебе: «байланыста болған» - деректер базасында COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілген. Жүріп-тұруға шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режимін сақтау болжанады;

- «қызыл» мәртебе: «инфекция жұқтырған» - базада COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, «инфекция жұқтырған» - U 07.2 коды мәртебесі бар пациенттер. Жүріп-тұруды шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулану режимін қатаң сақтау болжанады.

4. COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың аяқталмаған курсы бар адамдар үшін «жасыл» мәртебесі вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін 21 күн бойы сақталады. Күнтізбелік 21 күн өткеннен кейін вакцинациялаудың екінші курсы болмаған жағдайда «жасыл» мәртебесі «көкке» ауыстырылады.

COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың аяқталған курсы бар адамдар үшін «жасыл» мәртебесі 1 жыл бойы сақталады.

5. COVID-19-бен ауырған адамдар да «жасыл» мәртебесі сауыққаннан кейін соңғы 3 ай бойы сақталады.

6. «Сары» мәртебесі бар (немесе байланыста болған) адамдар COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 14 күн өткен соң «көкке» ауыстырылады.

7. COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар адамдарда «қызыл/сары» мәртебесі оң нәтиже алған сәттен бастап немесе COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланысқан күннен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады.

8. COVID-19-ға теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар адамдарда «қызыл/сары» мәртебесі оң нәтиже алған сәттен бастап немесе COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланысқан күннен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады.

9. COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар базада тіркелген адамдарда, U07.1 коды - «инфекция жұқтырған» мәртебесі бар пациенттерде «қызыл» мәртебесі COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады. 14 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуға қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады.

10. Келушіде смартфон болмаған жағдайда, оның келісімімен кәсіпкерлік объектісінің жұмыскері (персоналы) келушінің мәртебесін ЖСН бойынша тексереді.

11. Резидент еместердің мәртебесін тексеруді объектінің жұмыскері (персоналы) келушінің келісімімен паспорттың нөмірі бойынша жүзеге асырады.

12. Жобаға қатысатын объектілерге «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілер жіберілмейді.

13. «Ashyq» жобасына қатысушылар «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген Алгоритмдер талаптарының және осы қаулының сақталуын қамтамасыз етеді.

14. СЭБК АД-ы «ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде деректерді уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді.

15. «Ashyq» әкімшісінің құқығы бар адам есепті InfoKazakhstan.kz электрондық платформасынан «қызыл» және «сары» мәртебесі бар келушілер бойынша күнделікті жүктеп алуды қамтамасыз етеді және СЭБК АД-ге жібереді.

16. СЭБК АД-ы амбулаториялық-емханалық көмек ұйымымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектісінен және/немесе Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен ақпарат алғаннан кейін оқшаулауға жататын жеке тұлғаның тұратын (орналасқан) жерін белгілейді.

17. СЭБК АД-ы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес оқшаулау режимін бұзу бөлігінде әкімшілік сипаттағы шаралар қолданады.

18. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 102-бабының 3-тармағына және 104-бабы 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес «сары» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты тапсыру фактісін тіркей отырып, оқшаулау қажеттілігі талаптарымен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылады.

19. «Ashyq» жобасына қатысушылардың шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді бұзу белгілері анықталған жағдайда, іс-шараларды Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде лауазымды адамдардың іс-қимыл алгоритміне сәйкес мониторингтік топтар жүзеге асырады.

20. Келушілердің мәртебесіне қатысты даулы жағдайлар туындаған кезде 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.

21. СЭБК АД-ның бұйрығымен кәсіпкерлік объектілерімен және «Ashyq» жобасымен жедел өзара іс-қимылды үйлестіруге және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалар тағайындалады.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 31-Қ қаулысына

41 қосымша

 

 

Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі

 

1. «Ashyq» жобасына қатысушыларды жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) (бұдан әрі - ЖАО) мынадай негіздердің біреуі немесе бірнешеуі бойынша жобадан алып тастайды:

1) мониторингтік топ объектісінде жобаға қатысуға қойылатын талаптарды бұзудың расталған фактілерінің анықталуы;

2) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) шешімі негізінде объект 2 апта ішінде келушілерді QR-код (checkin) бойынша 0-ден 20-ға дейін тіркеуді жүргізген жағдайда;

3) 2 апталық жүктеп алу нәтижелері бойынша объектінің ВАК белгілеген check-in ең аз санын жүргізбеу фактісінің анықталуы;

4) рұқсат беру құжаттарының болмауы (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе мониторингтік топты тексеру қорытындылары бойынша анықталған эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама).

2. «Ashyq» жобасына қатысушы мониторингтік топ анықтаған қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзған кезде, сондай-ақ осы қосымшаның 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша, ЖАО:

- қатысушыны жобадан 1 апта мерзімге алып тастайды;

- қайта бұзушылық қатысушыны жобадан 2 апта мерзімге алып тастайды;

- үшінші бұзушылық кезінде қатысушыны жобадан 1 ай мерзімге алып тастайды.

3. ЖАО-ы жосықсыз қатысушылардың QR-кодты өшіруге арналған ресми тізімін InfoKazakhstan.kz электрондық платформаға жібереді.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 31-Қ қаулысына

42 қосымша

 

 

«Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру алгоритмі

 

1. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі осы қосымшаға схемаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бойынша жобаға қатысушыларға беріледі.

2. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру үшін жобаға қатысушылардың тізімін ЖАО-ы қалыптастырады.

3. ЦДИАӨМ-і ЖАО-ға жобаға қатысатын объектілерде (2 апталық кезеңде) QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеу саны бойынша мәліметтерді (жүктеп алуды) ұсынуды қамтамасыз етеді.

4. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін жобаға қатысушыларға беру ВАК-тың шешімімен тізім бойынша бекітіледі. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесінің қолданылу ұзақтығы - 2 апта.

5. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушылардың тізімі әкімдіктің сайтында орналастырылады.

6. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушыға мынадай жеңілдіктер беріледі:

1) «қызыл» аймақтағы жобаға қатысушылар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;

2) «сары» аймақтағы жобаға қатысушылар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;

3) «жасыл» және «қоңыр қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қосымша жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға артады;

4) тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, жұмыскерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады.

 

42-қосымшаға схема

 

«Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары

 

Ескертпе. «Қоңыр қызыл» аймақта жұмыс істейтін объектілер үшін тіркелу саны «минус 20%» есебінен белгіленеді.

 

Қарағанды облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 27 тамыздағы

№ 31-Қ қаулысына

43 қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде орта білім беру

ұйымдарының, колледждердің және жоғары оқу орындарының, интернаттардың және

жатақханалардың жұмысына қойылатын талаптар

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Білім беру ұйымдарында:

1) жауапты жұмыскерлер барлық педагогтарға, персонал мен білім алушыларға (байланыссыз термометрмен термометрия, қолды антисептикпен өңдеу) жүргізеді;

2) жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланады;

3) кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кірер алдында асфальтқа таңба қойылады;

4) жалпы, білім беру объектісінің үй-жайларында да, ғимаратында да қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер қойылады.

2. Сабақ режимі және жұмыс орнын ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:

1) сабақтар арасындағы үзіліс уақыты бастауыш, орта және жоғары сыныптарда білім алушыларының барынша ажырауын қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;

2) зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда кабинеттік жүйе алып тасталады;

3) «бір сынып - бір кабинет» қағидаты сақталады;

4) үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;

5) спорттық іс-шаралар таза ауада, жылдың салқын мезгілінде желдету және ылғалды жинау режимі сақтала отырып, спорт залдарында өткізіледі.

3. Білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

1) педагогтардың, персонал мен білім алушылардың маска кию режимі сақталады;

2) әр қабатта қолжетімді жерлерде және санитариялық тораптарда білім алушылар, педагогтар, қызметкерлер қолдарын өңдеуі үшін тері антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылады;

3) санитариялық тораптарда білім алушылар, педагогтар және қызметкерлер үшін дозаторлардағы сабынның, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі;

4) жинау жиілігі артады (тұтқаларды, таяныштарды, басқа жанасатын беттердің тұтқаларын қосымша өңдеу);

5) білім алушылардың, объект аумағында, дәліздерде, үй-жайда жүріп-тұруы кезінде кемінде қашықтық сақталады;

6) білім алушылар, педагогтар және персонал арасында айына кемінде 1 рет жеке (өндірістік) гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқама және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау (педагогтар мен қызметкерлер арасында нұсқама өткізу күнін журналда белгілей отырып) жүргізіледі;

7) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамдар тағайындалады (температураны байланыссыз термометрмен өлшеу, білім алушыларға, педагогтарға, өндірістік оқыту шеберлеріне және қызметкерлерге санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама беру, нұсқама өткізу журналын жүргізу);

8) техникалық персоналға жеке қорғаныш құралдарын (маскаларды, қолғаптарды) кию және уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау және дозаторларды уақтылы толтыру, үй-жайларды, жабдықтар мен мүкәммалды жинау және өңдеу бойынша нұсқама жүргізіледі;

9) жыл мезгілін ескере отырып, оқу, жаттығу, өзге де ұйымдастыру процестері мен жұмыс режимі кестесіне сәйкес ауаны залалсыздандыру жөніндегі жабдықтарды (рецеркуляторлар) пайдалана отырып, ауаны тұрақты зарарсыздандыру және (немесе) үй-жайларды желдету;

10) профилактикалық қарап-тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі;

11) қажетті жабдық және медициналық дәрі-дәрмектер бар (термометрлер, шпатель, маскалар) медициналық кабинеттер мен изоляторлар (ауырған адамдар анықталған жағдайларға оқшаулау, қағаз немесе электрондық тасығышта тіркей отырып, температураны күн сайын өлшеу, дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция (жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдарды анықтау үшін) жұмыс істейді;

12) ауысымдар мен кіші ауысымдарды арттыру, білім беру ұйымдарында аралас форматта оқытуды ұйымдастыру кезінде дененің жанасуын азайту жүргізіледі.

4. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері білім алушыларды ұйым ғимаратына кіретін есіктерге дейін ертіп апарады, ғимаратқа кіруге жол берілмейді.

5. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу процесінің форматы (штаттық, аралас, қашықтықтан) ведомствоаралық комиссияның шешімімен және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалады.

6. Білім беру ұйымдарында оқытуды штаттық және аралас форматта ұйымдастыру кезінде физикалық байланыстардың қысқаруымен ауысымдар мен кіші ауысымдардың саны артады.

7. Сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі кезінде Кодекстің 38 және 104-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының ережелеріне сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен мынадай:

1) білім беру объектілері үй-жайларының толымдылығына (адамдардың кабинеттерде, корпустарда, аудиторияларда, спорт, акт залдарында, сыныптарда, топтарда, асханаларда бір мезгілде болуы);

2) білім алушылар контингентіне, педагогтерге және персоналға;

3) көпшілік пайдаланатын орындарды пайдалануды шектеуге (оқу залдары, спорт және акт залдары);

4) интернаттар мен жатақханалардың толымдылығына қойылатын шектеу шаралары айқындалады.

8. Инфекциялық аурулар белгілері бар білім алушылар, педагогтар мен персонал көрсетілген белгілер анықталған сәттен бастап жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін не ата-аналары (заңды өкілдері) келгенге дейін дереу оқшауланады немесе үй жағдайында өздігінен оқшаулауды жүзеге асырады.

9. Білім алушыларды білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне жеткізуді ұйымдастыру кезінде жүргізушілер қолдарын өңдеуге арналған антисептикпен және оларды қажетті жиілікпен міндетті түрде ауыстыра отырып, қорғау құралдарымен (маскамен) жабдықталады, сондай-ақ әрбір рейс алдында кейіннен желдете отырып, автокөлік салоның дезинфекциялауды жүргізу қамтамасыз етіледі.

10. Көлік құралының салонында білім алушылар, педагогтар, персонал және көлік құралының жүргізушісі маска кию режимін сақтайды.

11. Білім беру ұйымдарында ауыз су режимін сақтау қамтамасыз етіледі. Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға (графиндерге, шәйнектерге, шағын бактарға) құйылған немесе бөтелкеге құйылған су қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.

Жеке ыдысты пайдалануға рұқсат етіледі. Ішу үшін таза ыдыс қолданылады. Қайнатылған ауыз суды үш сағаттан аспайтын уақыт сақталған жағдайда пайдалануға жол беріледі.